Главная / Қызмет және өнім / БАРИТ
БАРИТ
Барит туралы
Барит - барийдің табиғи сульфаты (ВаSO4). Баритті өнеркәсіпте пайдаланудың кең спектрін анықтайтын негізгі технологиялық қасиеттері – жоғары тығыздығы (4.3-4.6 г/см3), химиялық инерттілігі, төмен тығыздылығы (шағын абразивтілігі), рентген сәулелерін өзіне тартып алу қабілеті, құрамында барийдің көп мөлшерде болуы, ақ түстілігі. Барит негізінен бұрғы ерітінділерін ауырлатқыш ретінде қолданылады (дүниежүзінде қолданылуы 70%); түсті бояулар, дүлей ортада төзімді арнайы цементтер, батпақты жерде және су астында құбырлар төсеу кезінде ауыр салмақты конструкциялар фундаментінде пайдаланылатын «ауыр» бетондар өндірісінде, аэропорттардағы жол төсеніштерінің беткі жабындарының төзімді де икемді болуы үшін ең жақсы негіз болып табылады. Химия өнеркәсібінде баритті өнеркәсіптің әртүрлі саласында пайдаланылатын барий тұздары өндірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар барит ядролық энергетикада «мола» және реакторлар құрылысында ең арзан қоғаныс материалы ретінде пайдаланылады.
Біздің өнім
"Глобалстройснаб" ЖШС өткізеді:
- Барит концентраты (ауырлатқыш);
Біздің өнім қолданылатын салалар:
Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі мен геологиялық барлау .-терең және өте терең бұрғылауда бұрғылау ерітінділерін ауырлатқыш
Цемент өнеркәсібі - жоғары сульфатты төзімді, термотөзімді және ауырлатылған тампонажды цемент алу үшін.
Химия өнеркәсібі - құрамында барий бар барлық қоспаларды, барий тұздары мен препараттарын алу үшін.
Шыны өнеркәсібі - арнайы шыны өндіру. Барит шынылары өте таза, тұнық, жылтырақ және жақсы оптикалық қасиеттерге ие.
Металлургия - ферроқоспаларын алу процесін күшейткіш, құрамында барий бар қоспаларды қорытуда қоспа ретінде, сары мысты қорытуда және алюминий өнеркәсібінде топырақта болатын алюминийдің таза тотығын өндіруде флюс ретінде пайдаланылады.
Жол құрылысында - толықтырғыш. Майда барит латекс (6%) және ыстық асфальт (47%) қосыпасында ұшып-қону жолақтары мен кәдуілгі жолдың беткі жабыны ретінде пайдаланылады, бұл төзімді де икемді қабат сапасын қамтамасыз етеді.
Лак пен бояу өндіру өнеркәсібі - ақ пигмент (литопон), жоғары сорт мырышты (ZnO мен ZnS қоспасында) және қорғасынды ақ бояулар мен басқа да бояулар, ақ күйдірілетін бұйымдар, кафель тақташаларын және өзге де заттар шығаруда, реакторларда тоттануға қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын жоғары сортты эмальдарда пайдаланылады.
Резіңке-техникалық өндірісте - күшейткіш немесе белсенділігі бәсең толықтырғыш ретінде.
Асботехникалық өнеркәсіп - фрикциялық материалдар өндірісі
Атом өнеркәсібі - радиациялық қорғаныш қалқандары: гамма сәулелерінен жақсы қорғаушы болып табылатын құрамына 80% барит және 10% темір тотығы кіретін бетонды материал. Рентген сәулелерінің зиянды әсерінен қорғаныш ретінде рентген зертханаларының қабырғасына жағылатын қоспа құрамына кіреді.
Барит концентраттары
Барит концентратын жоғары үлес салмағына ие майда ұнтақ деп сипаттаауға болады. Оның сапалық сипаттамасы 4682-84 ГОСТ (барит концентраты) бойынша анықталады.
Біздің концентраттардың басты ерекшелігі оладың құрамында зиянды қоспалардың мүлде болмауы, суда ерігіші тұздардың аз болуы, фракциялық құрамының бабына келгендігі.
Бүгінгі күні "Глобалстройснаб" ЖШС 4682-84 ГОСТ бойынша Б класты КБ-3 майдаланған баритті концентраттарын өткізуде.
Баритті концентрат сапасының көрсеткіштері
| № |
Көрсеткіш атауы |
4682-84ГОСТ бойынша маркасының мөлшерісы по ГОСТ 4682-84 |
| КБ-3 |
| 1 |
Күкірт қышқылды барийдің үлес салмағы, %, кем емес |
90 |
| 2 |
Суда ерігіші тұздардың үлес салмағы, %, артық емес |
0,35 |
| 3 |
Соның ішінде суда ерігіш кальцийдің |
0,05 |
| 4 |
Ылғалдың үлес салмағы, %, артық емес |
2 |
| 5 |
0.071 тор көзінін өткізілгеннен кейінгі үлес салмағы, %, артық емес |
6 |
| 6 |
Тығыздығы, г/см3, кем емес |
4,2 |
| 7 |
5мкм фракциясының үлес салмағы, %, артық емес |
10 |
| 8 |
Пириттің үлес салмағы, %, артық емес |
6 |
Концентраттың әрбір өндірілген және тиелген партиясының сапа көрсеткіштерін кен байыту фабрикасының физика-химиялық зертханасы қадағалайды.
Барит концентраты ауырлату қабілеттілігіне сынақтан өткізіліп, Мұнайгаз ҒЗӨИ зертханасының үздік қорытындысына ие болды және технологиялық қасиеттері бойынша 13 A API (American Petroleum Institute) стандартына сәйкес.
Тұтынушыға өнім теміржол көлігімен жеткізіледі. Барит концентраты ЖПК (жұқа полимерлік контейнерге, 1,5т) салынады.
Өнім жатып қалудан алшақ, оның тұтыну сапасы уақыт өте өзгермейді. Барит концентраты күшейткіш заттектер класына жатады, радиациялық белсенділігі жоқ, адам организмі мен қоршаған ортаға зиянды емес.