Главная / Қызмет және өнім / ХИМИКАТТАР / Көміртегінің газ тәріздес және сұйық қос тотығы

Көміртегінің газ тәріздес және сұйық қос тотығы

ГОСТ 8050-85, №2 өзгерт.

Формуласы - CO2

Салыстырмалы молекулярлық массасы ((1987 жылғы халықаралық атомдық массалар бойынша) - 44,009

Көміртегінің қос тотығы: газ түрінде, сұйық төмен температуралы және сұйық жоғары қысымды болып бөлінеді. Көміртегінің қос тотығы металл дәнекерлеуде қорғаныс ортасын құрау үшін, газды сусындар, құрғақ мұз өндірісінде, тамақ өнімдерін салқындату, мұздату және сақтау, құю қалыптарын құрғату, өрт сөндіру үшін және өнеркәсіптің барлық салаларындаға басқа да мақсаттарда пайдаланылады.


Сонымен қатар көміртегінің сұйық қос тотығы көміртегі қос тотығының ішіндегі қолдану жерінде жасанды минералды сулар, көпіршікті шараптар және басқа да газды сусындар өндірісінде, сондай-ақ медициналық ванналар үшін газ түрінде қолданылатын тасымалдауға болатын түрі ретінде пайдаланылады.


Техникалық талаптары

Көрсеткіштің атауы
Мөлшері
жоғары сорт
бірінші сорт
екінші сорт
1. Көміртегі қос тотығының көлемді үлесі (CO2), %, кем емес
99,8
99,5
98,8
2. Көміртегі тотығының көлемді үлесі (CO)
Сынақты көтереді
3.Минералды майлар мен механикалық қоспалардың жалпы концентрациясы, мг/кг, артық емес
0,1
0,1
0,1
4. Судың үлес салмағы, %, артық емес
Сынақты көтереді
0,1

Ескертпе: ацетилен бар баллондарды 15 тәуліктен артық сақтау кезінде ауа инерті мен көміртегінің қос тотығының 1,3%-ынан аспайтын көлемі шығуы мүмкін.


Көлікпен тасымалдау

Көміртегінің жоғары қысымды сұйық қос тотығын мынадай ыдыстарда тасымалдайды:


  • сыйымдылығы 50 дм3 –ге дейінгі баллондарда
  • сыйымдылығы 0,01 дм3-тан кем емес тұрмыстық сифондарға арналған баллондарда
  • автокөлікке арналған басқа типтегі ыдыста

    Көміртегінің жоғары қысымды сұйық қос тотығы сақталуының кепілді мерзімі:


  • баллондарда - өнім дайындалған күннен бастап 2 жыл
  • тұрмыстық сифондарға арналған баллондарда - дайындалған күннен бастап 1 жыл
  • цистерналарда - дайындалған күннен бастап 6 ай
  •  

    ТОВАРНЫЕ РЫНКИ

    BID ASK
    Золото 0.00 0.00
    Серебро 0.00 0.00
    Платина 0.000.00
    Палладий 0.000.00
    Алюмминий 0.00 0.00
    Никель 0.00 0.00
    Медь 0.00 0.00
    Нефть Brent 0.000.00
    Нефть Light 0.000.00